12.07.2025
В стране и мире

Атырауда жасөспірім қақаған аязда мұз ойығына суға түсіп кеткен

02.01.2024 16:06

Атыраулық полицейлер мұз ойығынан суға түсіп кеткен жасөспірімді құтқарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау қаласында орталыққа жақын Жайық жағалауында қыз баланың мұз ойылып суға түсіп кеткені жөнінде хабарлама түскен. Хабарлама бойынша Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ғапу Жанарыс, Арсен Муратов, Құрманғазы Мерей және Әкімшілік полиция бөлімі инспекторы Арманбек Габитов дереу оқиға орнына жеткен. Мұз ойығынан басы ғана көрінген адамның әйел адам екендігін дауысынан ғана айырған полицейлер құтқаруға бірден кіріскен.

Жанарыс Ғапу беліне арқан жіп байлап мұз үстімен жасөспірімге қарай беттеді. Әріптесі Мерей Құрманғазы оған көмектесу үшін жіп бойымен бірге жүрді. Өзге полицейлер жағада Жанарыс Ғапуды суға батып бара жатқан қыз баламен бірге тартып шығаруға дайын тұрды.

Аяқ асты адам өміріне араша түскен полицейлердің қырағылығы мен ептілігі нәтижесінде жасөспірім жағаға шығарылып жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Фото: Polisia.kz

Денесі қатты суықтаған жасөспірім мән-жайды түсіндіре алмады. Жедел-тергеу тобы тиісті шараларды бастап кетті.

События

Девушка погибла во время операции на нос в Узбекистане
Новые требования к онлайн-покупкам казахстанцев: что меняет Протокол ЕАЭС?
Почему в резервате «Акжайык» запретили рыбалку?
Таиланд отменяет легализацию каннабиса: туристы разочарованы новыми правилами
Автозавод китайских брендов появится в Алматы
ICAO высоко оценило работу Международного аэропорта Алматы по международным стандартам
Ограничение движения введут по ряду улиц Алматы
Надежда ТУЛИНА: Уроки казахского
«Легия» - «Актобе»: Будет очень тяжело
Полностью списывать ипотеку за рождение третьего ребенка предложили в России

Теги