12.07.2025
В стране и мире

"Құрметім шексіз": Ақбота-Нұр бұрынғы енесіне алғыс айтып жылады (ВИДЕО)

05.02.2024 16:14

Әнші, актриса Ақбота-Нұр ұлының сүндет тойын экс-енесінің 70 жас мерейтойымен бірге атап өткен.

Мерекелік кеште сөз сөйлеген актриса бұрынғы енесіне алғысын айтып, көзіне жас алды,- деп хабаралайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бұл үйдің қызы болып кеттім. Қазір көбісі не болып жатыр деп түсінбей отырған шығар. Көкейлеріңізде жүрген сұрақтарға үйге барғаннан кейін ойланарсыздар. Ең бастысы, мен сізді жақсы көремін, құрметтеймін, аман болыңыз. Негізі, жыламаймын деп сөз бергенмін. Айтқым келгені, ата-аналарыңыз аман болсын. Өзімнің әр тойымда айтамын анам болғанда, әкем болғанда осы жерде тұратын еді деп. Дәурен саған да көп-көп рақмет. Бүгін бес баланың басын қосып, қуанышты күндері есінде қалсын, бір-біріне бауыр, дос болсын деген оймен алып келген жайымыз бар", — деді Ақбота-Нұр.

Әншінің енесі де немере сыйлаған келініне жамандық тілемейтінін айтты.

"Мен қалай Ақботаны жек көремін, жамандаймын. Дәуреннің алдындағы ағасы Жомартымды 24 жасында Алла өзі алып кетті. Сол Жомарттың копиясын жасап, маған Алла Ақбота арқылы Ибраһимді берді. Жомарт қара болатын Ибраһим ақ, айырмасы сол ғана. Сондықтан Аллаға мыңда бір шүкір", — деді ол.

Айта кету керек, Ақбота-Нұр Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шығып, дүниеге бір ұл, бір қыз әкелген. 2020 жылы олар ресми түрде ажырасқандарын мәлімдеген болатын.

События

Девушка погибла во время операции на нос в Узбекистане
Новые требования к онлайн-покупкам казахстанцев: что меняет Протокол ЕАЭС?
Почему в резервате «Акжайык» запретили рыбалку?
Таиланд отменяет легализацию каннабиса: туристы разочарованы новыми правилами
Автозавод китайских брендов появится в Алматы
ICAO высоко оценило работу Международного аэропорта Алматы по международным стандартам
Ограничение движения введут по ряду улиц Алматы
Надежда ТУЛИНА: Уроки казахского
«Легия» - «Актобе»: Будет очень тяжело
Полностью списывать ипотеку за рождение третьего ребенка предложили в России

Теги