12.08.2026
В стране и мире

"Болашақ" бағдарламасымен Еуропада оқып жатқан жастарға үндеу жасалды

17.09.2024 11:38

Дауылының салдарынан туындаған қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты үндеу жасалды.

Ресми хабарламада Орталық және Шығыс Еуропада "Борис" дауылының салдарынан туындаған қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты Халықаралық бағдарламалар орталығы аталған аймақта білім алып жатқан стипендиаттармен тығыз байланыста болып, жағдайды мұқият қадағалап отырғаны айтылады.

"Дауыл Польша, Чехия, Австрия, Словакия және Венгрия елдерін қамтыды, ал бұл елдерде " Болашақ " бағдарламасы және ғылыми тағылымдамалар аясында Қазақстанның 15 азаматы оқып жүр", делінген "Халықаралық бағдарлама орталығы" АҚ хабарламасында.

Сондай-ақ барлық стипендиаттарға қауіпсіздік шаралары туралы ескертіліп, олар жергілікті биліктің ұсыныстарына сәйкес әрекет етіп жатқаны нақтыланады.

"Қазіргі уақытта стипендиаттарымыз арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Стипендиаттарымызды барлық сақтық шараларын сақтауға және өз қауіпсіздігіңіз үшін байланыста болуға шақырамыз"."Халықаралық бағдарлама орталығы" АҚ

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, соңғы бірнеше онжылдықтағы ең күшті дауыл — "Борис" Орталық және Шығыс Еуропаның бір бөлігінде мінез танытып жатыр. Жауын-шашынның салдарынан су тасқыны болып, салдарынан үйлер қирап, құрбандар да тіркелді.

Сурет: flickr/Erwin Wodicka

События

В Татарстане 12 августа ожидаются дожди, грозы и до +26 градусов
Психолог Джеффри Гардере: дружелюбие повышает эффективность управления
В Зимбабве при крушении судна на озере Кариба погибли 15 человек
Касым-Жомарт Токаев поздравил короля Таиланда
Депутаты предложили создать межведомственную комиссию для защиты работников на Тенгизе
Частного судоисполнителя осудили за присвоение более 370 млн тенге в Алматы
Pantone объявил цвет 2026 года
Новые школы и пристройки: 86 тысяч мест за счёт изъятых у коррупционеров денег
Фельдшер погибла в ДТП: министр здравоохранения РК выразила соболезнования
Halyk признан лучшим банком Казахстана по версии издания The Banker

Теги