07.07.2024
Абай облысында жаңа психологиялық қолдау орталығы ашылды
Образование

Абай облысында жаңа психологиялық қолдау орталығы ашылды

27.06.2024 07:21

Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау — Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауында жастардың психикалық денсаулығының маңыздылығы ерекше атап өтілді. Президент білім беру мекемелерінде психологиялық қолдауды күшейту, Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылыққа, қысымға тап болғандарға көмек көрсету бағдарламасын әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Жаңа орталық балаларға кәсіби психологиялық көмекке қол жеткізуді және білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті үйлестіруді қамтамасыз етеді. Оның мақсаты-қиын өмірлік жағдайларда білім беру процесіне қатысушыларды қолдау, психологиялық әл-ауқатты нығайту және педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру.

Орталықтың негізгі қызмет түрлеріне мыналар жатады:

  1. Кеңес беру және сүйемелдеу арқылы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-құқықтық көмек;
  2. 24/7 режимінде сенім телефоны жұмысын ұйымдастыру және онлайн-консультациялар өткізу;
  3. Педагог қызметкерлерге консультативтік әдістемелік көмек;
  4. Кәмелетке толмағандармен ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыс;
  5. Психологиялық қызмет мамандарының біліктілігін арттыру;
  6. Мобильді жауап беру;
  7. Ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастық.

Орталық балаларға, педагогтерге және заңды өкілдеріне мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының жолдамасы бойынша да, өз қалауы бойынша да көмек көрсетеді.

Сурет: freepik

Похожие материалы (по тегу)

Новости

В эпоху глобальных сдвигов
Неделя казахстанской культуры проходит в Астане
Опубликованы яркие моменты победы Кэвендиша на "Тур де Франс-2024"
Ставки МФО по кредитам бизнесу все еще остаются высокими - АРРФР
Касым-Жомарт Токаев поприветствовал Антониу Гутерриша и лидеров ещё нескольких государств на саммите ШОС+
Казахстанские законы о правах человека получили признание в ООН
Садыр Жапаров приземлился в аэропорту Астаны
Премьер-министр Пакистана прибыл в Казахстан
Токаев и Си Цзиньпин открыли ряд казахстанско-китайских проектов
Иран готов предоставить Казахстану современные технологии полива посевных площадей

Теги