26.11.2025
Общество

Тойдан кейін бір-бірін пышақтаған қостанайлықтар ұсталды

02.10.2023 16:09

Қостанайда полиция қызметкерлері үйлену тойында болған жанжалға қатысқан 6 адамды ұстады.

Облыстық департаменттің дерегінше, 1 қазанға қараған түні полицияға Қостанайдағы мейрамханалардың бірінің жанында бірнеше адамның төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Оқиға орнына дереу келген полицейлер Қостанай қаласы полиция басқармасы Солтүстік бөліміне 6 қатысушыны жеткізді. Іс жүргізу кезінде болған оқиғаның мән-жайы анықталды. Үйлену тойынан кейін Қостанай мейрамханаларының бірінің жанында қонақтар арасындағы жанжалдың арты бірнеше ер адамның төбелесіне ұласқан. Оның барысында ер адамның бірі өзгеге пышақ салған. Жауап алынған 56 жастағы тұрғын қасақана пышақтау фактісін жоққа шығармады. Оқиға салдарынан 27 жастағы жарақат алған адам ауруханаға жатқызылды», — деп мәлім етті облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған оқиғадан кейін Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

События

В Казахстане появятся халяльная рассрочка и исламская ипотека
Казахстанские врачи вернулись из Афганистана
От Шелкового пути до тенге
Последствия повышения температурного режима перечислила ООН
В Актау бесплатные спортивные занятия оказались недоступными для детей
Объявлена победительница «Мисс Вселенная 2025»
Никола Пашиняна наградили орденом “Алтын Қыран”
Стрельба в колонии
Пять лет лишения свободы получили разбойники в Астане
Мужчина представлялся психологом и насиловал женщин в Казани

Теги