13.01.2026
Общество

Алматыда жылу үшін ақша бермегендер өсімпұлдан құтылады

13.10.2023 07:40

Жылу мен ыстық судың ақысын бермеген Алматы тұрғындары оның үстіне қосылған өсімпұлды төлемесе болады. «Алматы жылу жүйесі» бұл мүмкіндікті жыл аяғына дейін пайдалануға болатынын хабарлады.

«Ол үшін» негізгі қарызды (өсімпұлсыз) толық жапқан соң бізге өтінім жазып, төлем жасағанын растайтын түбіртекті қоса беру керек», — деді ЖШС өкілдері.

Өсімпұлды алып тастау туралы өтінімді Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жіберу керек.

Сонымен қатар Тұтынушыларға қызмет көрсететін орталықтарға жүгінуге мүмкіндік бар.

Өтінімге жеке куәліктің көшірмесі мен негізгі қарызды төлегенін растайтын касса чегін қоса беру қажет.

Қызмет көрсететін орталықтар:

Қарызды төлеп, өсімпұлды алып тастаған соң абонент бүкіл шектеуден (мүлкін, банктегі шоттарын пайдалануға тыйым салу) арылады.

Қосымша мәлімет пен қарыз мөлшерін жауапты мекеменің анықтама қызметінен сұрауға болады.

Нөмірі: 8 (727) 341-07-77.

События

Касым-Жомарт Токаев поздравил короля Таиланда
Депутаты предложили создать межведомственную комиссию для защиты работников на Тенгизе
Частного судоисполнителя осудили за присвоение более 370 млн тенге в Алматы
Pantone объявил цвет 2026 года
Новые школы и пристройки: 86 тысяч мест за счёт изъятых у коррупционеров денег
Фельдшер погибла в ДТП: министр здравоохранения РК выразила соболезнования
Halyk признан лучшим банком Казахстана по версии издания The Banker
Жилпомощь: как малообеспеченные семьи получают компенсацию по коммунальным платежам?
На самокатах могут появиться госномера – Мажилис одобрил поправки
Сила - в инновациях, сердце - в обслуживании: Нурбанк обозначил стратегические направления своей деятельности

Теги