26.11.2025
Общество

"Анам мені 50 жасында туды" - блогер Бекзат Елеусізов

13.10.2023 16:01

Жастар арасында “Bekaeasy” деген лақап атпен танымал Бекзат Елеусізов Тимур Балымбетовке берген сұхбатында алғаш рет отбасы, ата-анасы туралы айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сегіз әпкесі бар Бекзат ата-анасының көптен күткен кенжесі.

“Анам мені 49 жасында туды, бір айдан кейін 50-ге толды. Мен әке-шешемнің көптен күткен баласымын. Мен дүниеге келгенде әкемнің бақыттан басы айналды. Мені 50 жасында босанса да, ата-анама өте жақын өстім. Арамызда жас айырмашылығына байланысты кедергі болмады. Екеуінен ештеңе жасырмайтынмын. Олар шал мен кемпір ғой. Үшеуіміз күнде шай ішеміз, бірге отырғанда менің жағдайымды сұрайды. Мен де әңгіме айтқанды жақсы көретінмін. Оларға да сол керек еді”, – дейді Бекзат.

Блогер есейе келе ата-анасымен арада түсініспеушіліктер болғанын да жасырмады.

“Мен өтпелі кезеңге келгенде түсінісуіміз қиынға соқты. Сол кезде екі буын арасындағы қарама-қайшылықтар сезіле басталды. Кейбір дүниелерді ашып айта алмадым. Кей дүниеге мен мүлде басқа көзқараспен қарадым. Тіпті 13-14 жасымда Құдайдың барына сенбедім, атеист болдым. Ал менің әке-шешем бес уақыт намаз оқымаса да Аллаға сеніп, аузынан “біссіміләсі” түспейтін жандар болатын. Менің Құдайға сенбейтінімді білгенде қатты қорқып кетті. Өтпелі кезеңде дінге байланысты көп сұрақ қоятынмын. Олар менің толассыз сауалдарыма жауап бере алмайтын”, – дейді блогер.

Теги:

блогер

События

В Казахстане появятся халяльная рассрочка и исламская ипотека
Казахстанские врачи вернулись из Афганистана
От Шелкового пути до тенге
Последствия повышения температурного режима перечислила ООН
В Актау бесплатные спортивные занятия оказались недоступными для детей
Объявлена победительница «Мисс Вселенная 2025»
Никола Пашиняна наградили орденом “Алтын Қыран”
Стрельба в колонии
Пять лет лишения свободы получили разбойники в Астане
Мужчина представлялся психологом и насиловал женщин в Казани

Теги