17.01.2026
О чем говорят

"Өзіміздің ақымақтық қой". Әнші Саят Медеуов жол апатына қалай түскенін айтты

10.08.2023 16:16

Әнші Саят Медеуов жол апатына түскен сәтті есіне алды.

Бұл туралы өнерпаз Нартай Аралбайға берген сұхбатта айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі жол апатына түскенде қатты қиналғанын және далада оянғанын жеткізді.

"Апатқа түскенім де дұрыс болды. Себебі жанымдағы жігіт ұйықтап кетті. Мен ауруханада жатқанда "Егер менің апатқа түсуім елге сабақ болса, мен қуаныштымын. Апатқа түскенім дұрыс болды" дедім. Себебі ұйықтап кетіп жолға шығу, шаршап отырып жолға шығу дегенді тоқтатуымыз керек. Сол үлкен сабақ шығар. Апатқа түскенде, далада ояндым. Қимыл бар, отырмын. Біз ұйықтаймыз деп келіскенбіз ғой. Жанымдағы туысым бір жерге жетіп алу үшін ұйықтамай жүре берген. Жолда қалғып кеткен. Өзіміздің ақымақтық қой. "Біреуге кесірімізді тигіздің ғой. Ұйықтауың керек еді ғой" деп айттым. Ол кезде кімді қақтық, не қақтық білмеймін. Бір жедел жәрдем тұр. Сол сәтте есімді білер-білмес отырдым-ау деймін. Көлікпен соқтығысқанбыз. Олар аман, шүкір! Біз кінәліміз ғой, ұйықтамағанбыз. Бауырды кешірмей қайда барамыз?", — деді Саят Медеуов.

События

Ева Влаардингербрук: Следите за Германией — выборы там могут потрясти ЕС
Касым-Жомарт Токаев поздравил короля Таиланда
Депутаты предложили создать межведомственную комиссию для защиты работников на Тенгизе
Частного судоисполнителя осудили за присвоение более 370 млн тенге в Алматы
Pantone объявил цвет 2026 года
Новые школы и пристройки: 86 тысяч мест за счёт изъятых у коррупционеров денег
Фельдшер погибла в ДТП: министр здравоохранения РК выразила соболезнования
Halyk признан лучшим банком Казахстана по версии издания The Banker
Жилпомощь: как малообеспеченные семьи получают компенсацию по коммунальным платежам?
На самокатах могут появиться госномера – Мажилис одобрил поправки

Теги