16.07.2025
Суды заңсыз пайдаланғандар 20 млн шығын келтірген
О чем говорят

Суды заңсыз пайдаланғандар 20 млн шығын келтірген

10.10.2024 10:38

Алматы облысының "Қазсушар" филиалында суды заңсыз пайдалану және мемлекеттік сатып алудағы бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды LS.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, өңірде судың "көлеңкелі" нарығына қарсы күрес аясында шамамен 20 млн теңгеге бірқатар бұзушылықтар анықталған.

Оның ішінде Күрті ауданында шаруа қожалықтарының суармалы суды жергілікті " Қазсушар " филиалымен келісімшартқа отырмай пайдаланғандары анықталды. Атап айтқанда, 100 гектар егіс алқабын суару үшін суды заңсыз алған. Сондай-ақ, кейбір гидротехникалық құрылыстардың тозуына байланысты каналда қосымша су шығыны анықталды.

Яғни, филиал басшылығының нысандардың техникалық жай-күйіне жеткіліксіз бақылау жүргізуіне байланысты су ресурстарын тиімсіз пайдалану және есебін жүргізу оқиғалары тіркелді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алуда заң бұзу фактілері анықталды. Филиал заңды және ішкі нормативтік құжаттарды бұза отырып, бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы 7 келісімшарт жасасқан. Осыған дейін, 2023 жылғы шілдеде жалпы сомасы 17,5 миллион теңгеге Сол жағалау магистральды каналының жер бөлігін механикалық тазалау қызметін көрсетуге осындай тәсілмен шарт жасалған. Яғни заң бұзушылық жүйелі түрде қайталанған.

Филиал директорының міндетін атқарушы жақын туыстарымен бірге жұмыс істеуге жол бермеу туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада белгіленген талапты сақтамаған, делінген ақпаратта.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша материалдар тиісті уәкілетті органдарға жіберілді. Олардың үшеуі бойынша филиал директорының м.а. әкімшілік айыппұлдар салынды. Сондай-ақ, ескерту ретінде ол бұрын бірнеше рет тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Облыс филиалына кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді. "Қазсушар" филиалдарын тексеру басқа облыстарда да жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін, тексеру қорытындысы бойынша компанияның бес басшы қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын. Ал министрліктің ішкі аудит департаменті Жамбыл облысында суды заңсыз пайдаланудың 10 фактісін анықтады. Филиал басшысы қызметінен босатылды.

Бұған дейін, экология экс-министрі Зульфия Сүлейменова Қазақстанның судың "көлеңкелі" нарығы миллиардтарға бағаланатынын айтқан болатын.

Сондай-ақ, LS редакциясы су тапшылығы мәселесін су тасқыны салдарынан шешілгенін жазды.

События

Из Шаньси впервые отправился поезд по транскаспийскому маршруту
Китай не стремится к конкурентному преимуществу за счет девальвации валюты
Народный репортер. Телевышка больше не радует освещением
Массовое ДТП в Алматы: пострадали 23 человека
Миллионер Рахимбаев подарил смарт-кольца 150 управленцам BI Group
Снова триумф
Землетрясение произошло в 237 км от Алматы
Жара до +44, ливни и грозы: прогноз на три дня в Казахстане
Гособвинение озвучило «процесс отмывания денежных средств» во время паводков в Казахстане
В Казахстане впервые робот будет готовить препараты для химиотерапии

Теги