25.11.2024
События

"Аурухана қарызын төлемесек өртеп жіберуі мүмкін": Оңтүстік Кореяда комада жатқан отандасымызды кремацияға жіберуі мүмкін

20.09.2023 16:04

Оңтүстік Кореға жұмыс істеуге кеткен отандасымыз Ахметшаев Арман 4 қыркүйек күні Тэгу қаласының ауруханасына жансақтау бөліміне түскен.

Науқастың аурухана алдындағы қарызы толық төленбесе, жағдайымды жақсартамын деп шетел асқан қазақ азаматының елге күлі ғана қайтуы мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қазіргі таңда ИВЛ аппаратқа таңылған науқас комада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, миы толығымен ұйықтап кетсе де, жүрегі соғып тұр. Қазақстандықтың жүрегінің әр соққаны қыруар қаржыны талап етуде. Ахметшаев Арманның аурухана алдындағы берешегі бүгінге дейінгі 8 млнды құрап отыр. Корей елінің заңы бойынша науқастың жүрегі өздігінен тоқтамайынша ақылы аппараттан ажыратылмайды. Алдағы уақытта Ахметшаев Арманның жүрегі тоқтап қалса, аурухана алдындағы қарызы толық өтелмейінше мәйітті бермейді. Кері жағдайда, Оңтүстік Корея кремация жасап, отандасымыздың күлін ғана береді.

Ахметшаев Арманның әйелі жұбайының денсаулығында ешқандай кінәрат болмағанын айтады.

"Кореяға кетпей тұрғанда күйеуімнің денсаулығы өте жақсы болды, ешқашан шағымданбайтын. Арақ ішпейтін, зиянды нәрселермен айналыспайтын азамат. Өзін өте жақсы күтетін. Ортасы, достары бәрі жақсы біледі. Өте ұқыпты, өзіне жақсы қарайтын азамат. Кореяға тұрмыстық жағдайды жақсарту үшін, кредиттерімізді жабайық, аяққа тұрайық, көтерілейік деп кеткен еді. Ол жақта жүргеніне 4 жыл болды. Сол уақыт аралығында ол елге келген жоқ, мен Кореяға барған жоқпын. Бірақ, күнделікті видеоқоңыраумен сөйлесетінбіз, екі баласымен де сөйлесетін. Мүгедек анасы бар, бір үйдің жалғыз баласы, асыраушысы ", — дейді ол.

Арман Ахметшаевтың жарына Кореядағы қазақтарға көмектесетін ұйым байланысқа шыққан. Бірақ еш нәтиже болмаған.

"4 қыркүйек күні Арманның ауруханаға түскенін білдім. Мен загран паспорт жасатып бірден бармақшы болдым. Бірақ "Корея көмек" деген ұйым маған байланысқа шығып, өздерін Кореядағы қазақтарға көмектесетін ұйым ретінде таныстырды. Сіз бізге сенімхат жазып берсеңіз, бәрін тексереміз, сіз келетін болсаңыз клиниканың алдындағы қарызды төлеуіңіз керек болады. Ал келмесеңіз, біз қор ашып ақша жинап алдырамыз деп уәде берді. Мен келістім. Сол ұйымның басшысы Самат деген кісіден 1 апта көлемінде хабар күтіп, өзім хабарласқанымда сіз журналистерге сұхбат беріпсіз, маған отказной жазып беріңіз, мен бұл істі қарамаймын деп жауап берді", — дейді Бану Жақсылықова.

Оның сөзінше, отандасымызды елге санавиациямен алдыру 1 млрд теңгедей болуы мүмкін.

"Қазақстан билігінен, елшіліктен материалдық көмек болып жатқан жоқ. Бірақ, сол жақтағы елші байланысқа шығып барлық жағдайды түсіндірді. Елшілік тек өлген адамның мәйітін ғана елге тегін жеткізе алады екен. Біздің жағдайда Азаматтың жүрегі соғып тұрғандықтан санавиация өзіміздің қолымызда екен. Санавиациямен елге алдыру үшін қыруар ақша керек. Бізге елші жақын арада Вьетнамға 200 миллион долларға осындай науқасты апарғанын, Қазақстанға да осы шамалас болатынын айтты. Ол дегеніңіз 1 млрд теңге, ондай ақша жинау да мүмкін емес қой. Клиниканың да ақшасы күн өткен сайын артып жатыр. Арманның ол аппаратта қанша уақыт жататыны да белгісіз. Мүмкін 1 ай, мүмкін 1 жыл. Жүрегі тоқтап қалған жағдайда 4 күн ішінде біз клиника алдындағы қарызымызды толық өтеуіміз керек. Төлемесек, кремацияға кетеді, бізге тек күлін ғана береді. Сонда барлық қарызымыз төленген болып саналады. Біз мұсылман болғаннан кейін, бұл жағдай бізге өте ауыр. Мұсылманша жер қойнауына тапсырғымыз келеді. Бар қалауымыз — кремацияға жеткізбей, елге аппаратпен елге жеткізу", — дейді ол.

Бану Жақсылықованың сөзінше, Қазақстан билігі материалдық тұрғыда ешқандай кө мек ұсынбаған.

"Қазір клиникаға 8 миллион қарызбыз. Ол ақшаны ағайын-туыстан жинап төлерміз. Бірақ, санавиация біздің мойнымызда тұрғанан кейін өте ауыр. Жанымды өртеп бара жатқаны, Қазақстанның азаматы ол жаққа жетіскеннен кеткен жоқ. Бәрі жақсы болса бармас еді ғой. Қатты қиналғаннан кейін кетті. Бірақ билік өкілдерінен ешқандай көмек болып жатқан жоқ. Қарапайым халық қолындағы барын беріп, көмектесіп жатыр. Оларға Алла разы болсын, — дейді ол.

Новости

Астрологический прогноз на 25 ноября для всех знаков
Военные педагоги празднуют день науки и образования в армии
Более 200 солдат приняли присягу
Чешские поклонники Димаша попросили поставить автограф на флаге страны
Цены на питание для школьников повысят в Казахстане
Единый часовой пояс UTC+5: Минторговли и Правительство подчеркивают его значимость для страны
Какие категории казахстанцев освобождены от декларации доходов, рассказали в правительстве
Фотозона для блогеров: как аллея в микрорайоне Жулдыз в Алматы стала по-настоящему звездной
Под предлогом аренды помещения выманил крупную сумму денег у знакомой житель Семея
Двое мужчин похитили астанчанина и заставили перевести им деньги

Теги