08.10.2024
Жайық өзенінде қайықтар соқтығысып, бір адам көз жұмды
Спорт

Жайық өзенінде қайықтар соқтығысып, бір адам көз жұмды

20.09.2023 16:04

Тағы бір адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Атырауда Жайық өзенінің үстінде екі қайық соқтығысып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 20 қыркүйек сағат 07:00 шамасында болған.

«Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылының тұсында Жайық өзенінде екі қайық соқтығысты. Соның салдарынан 50 жастағы ер адам ауыр жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал, 1974 жылғы ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Екі қайықты жүргізген 1992 және 1988 жылғы азаматтарда су көлігін басқаруға рұқсат қағазы бар болып шықты», — деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.

Новости

Казахстанцу разрешили поехать на вахту в Россию
Каких специалистов привлекут для работы на АЭС в Казахстане
Кто и как будет выбирать подрядчика для казахстанской АЭС
Сколько средств выделят на субсидирование внутренних авиарейсов в РК в 2025 году?
Золото оказалось в 50 раз выгоднее доллара в Казахстане
Единственный ветеран войны в Актюбинской области проголосовал на референдуме
Глава государства проголосовал на республиканском референдуме
Референдум по АЭС: в ЦИК Казахстана рассказали о явке граждан на 10 часов утра
Глава Минэнерго заверил, что в Казахстане отсутствует дефицит нефтепродуктов 
Избирательные участки столицы готовы к республиканскому референдуму

Теги