01.08.2026
В Мире

Депозит, доллар, жылжымайтын мүлік. Миллион теңгеңіз болса, қалай сақтаған тиімді

18.06.2026 07:08

Сарапшы қысқа және ұзақмерзімді перспективаға негізделген ақыл-кеңестерін бөлісті.


Qazaq Expert Club қаржы сарапшысы Саида Тілеуленова 2026 жылғы қаржы нарығын зерделей отырып, ақшаны сақтау мен арттырудың тиімді жолдарын атады.

"Қазақстандағы қазіргі макроэкономикалық жағдайды ескерсек, капиталды сақтаудың ең тартымды құралы әзірге теңгелік депозиттер болып отыр. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 17%-ға дейін төмендеткеніне қарамастан, депозит мөлшерлемелері тарихи тұрғыдан әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр. Ал 2026 жылғы мамырда инфляция 10,4 пайызға дейін баяулады. Бұл салымшылардың нақты оң табыс алып отырғанын білдіреді. Мұндай жағдай алдыңғы көптеген кезеңдерде болған жоқ. Ал долларға келсек, бұл көбіне табыс табу құралы емес, валюталық тәуекелдерден қорғану тәсілі", – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, АҚШ валютасы дәстүрлі түрде теңге құнсызданған кезеңдерде жинақты қорғауға көмектеседі. Алайда теңге бағамы тұрақты болып, депозит мөлшерлемелері жоғары болған жағдайда доллар көбіне теңгелік құралдардан табыстылық жағынан ұтылады.

"Доллар сатып алудың негізгі мәні – жинақты әртараптандыру. Сондықтан көптеген қазақстандықтар үшін қаражатты теңгелік құралдар мен валюта арасында бөлу орынды шешім болуы мүмкін", – дейді қаржыгер.

Жылжымайтын мүлікке келсек, бүгінгі таңда 1 млн теңге инвестициялық пәтер сатып алуға жеткіліксіз. Іс жүзінде бұл қаражат тек болашақта баспана алуға арналған бастапқы капитал немесе жылжымайтын мүлік нарығына байланысты кейбір инвестициялық құралдарға қатысу мүмкіндігі ретінде қарастырылуы мүмкін.

"Сонымен қатар тұрғын үй нарығы әлі де қымбат күйінде қалып отыр. Нарық деректеріне сәйкес, жылжымайтын мүлік бағасы инфляциядан жылдамырақ өсіп келеді, ал жаңа тұрғын үйлердегі бір шаршы метрдің құны 600 мың теңгеден асады. Сондықтан 1 млн теңгені әзірге толыққанды инвестициялық құрал ретінде жылжымайтын мүлікке бағыттау қиын. Сондықтан, депозит, доллар және жылжымайтын мүлікті ғана салыстыратын болсақ, бір-екі жылдық көкжиекте депозит ең ұтымды шешім болып көрінеді. Доллар валюталық тәуекелдерден қорғайды, ал жылжымайтын мүлік әлдеқайда ірі капиталды қажет етеді", – дейді Саида Тілеуленова.


Оқи отырыңыз:

  • Агрессивті жарнама арқылы 1,5 мың адамды алдаған қаржы пирамидасы әшкереленді
  • 24 маусымда 2000 теңгелік банкнот айналымнан шығады. Ақшаны қалай ауыстыруға болады 24 маусымда 2000 теңгелік банкнот айналымнан шығады. Ақшаны қалай ауыстыруға болады

Персонально

Зудину заподозрили в пластической операции и сравнили с Пугачевой
Украине конец, Трамп осадил Зеленского: новости мира на утро 1 августа
Правительство РФ увеличило выплаты за утерю имущества в Донбассе
Суд приговорил блогера Лерчек к пяти годам условно
Ким заявила о миллиардных убытках зарубежных партнеров Wildberries
Хаджер: нехватка воды в Молдавии может усугубиться из-за действий Украины
Суд продлил лечение Анатолия Москвина на шесть месяцев
Москвичи пожаловались в УФАС на бардак на рынке «наружки» в Челнах
АТОР: лесные пожары Турции не угрожают курортам Антальи и Муглы
KTVQ: 14-летний Джори Томас спас тонущего мужчину с помощью лассо

Теги