07.06.2026
В стране

Шекарадағы сарбаз суициді: 5 адам лауазымынан босатылды

16.08.2023 16:05

Былтыр тамыз айында «Шөлдала» бекетінде сарбаз өлімінен кейін қызметтегі бес адам лауазымынан босатылды.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Тәрбие, идеологиялық және кадрлық жұмыс департаменті бастығының орынбасары – кадрлар басқармасының бастығы Ерік Беріков айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында тілшілер Жамбыл облысы «Шөлдала» бекетінде сарбаз өлімінен кейін шекарадағы басшылық құрамнан кімдер жауапқа тартылғаны жөнінде сұрақ қойды.

«Бұл факт бойынша тергеу амалдары аяқталып, Шымкент гарнизоны бойынша әскери сотқа материалдар жіберілді. Қазір заң талаптарына сәйкес, тергеп-тексеру материалдарын жариялай алмаймын», — деді Е. Беріков.

Оның айтуынша, бұл оқиғадан кейін 5 адам қызметінен босатылған.

«Атқарып жатқан лауазымынан облыстық департаменттің басшысы, шекара басқармасының басшысы, застава басшысы, сондай-ақ тәрбие ісі жөніндегі жауапты орынбасарлары босатылды», — деді Ерік Беріков.

Бас әскери прокуратура 2022 жылдың тамызында «Шөлдала» шекара заставасының мерзімді әскери қызметшісі Б.Мираштың өз-өзіне қол салу дерегіне қатысты тергеу барысын мәлімдеді.

«Бүгінгі күні билікті асыра пайдалану арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша күдікті ретінде сол заставаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі тергелуде. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес ол Б.Мирашты және онымен бірге әскерге шақырылған басқа да мерзімді әскери қызметкерлерді жүйелі түрде психологиялық тұрғыда қорлап, соққыға жыққан. Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасуда және ерекше бақылауға алынған», — деп жазды ведомстводан.

Персонально

Появились кадры «кладбища» наземных роботизированных комплексов ВСУ
В Союзмультпарке на ВДНХ появились граффити с вдохновляющей надписью
Минобрнауки раскроет таланты всех учащихся России к 2030 году
ВТБ ожидает триллионную чистую прибыль на горизонте ближайших трех лет
Владимир Сальдо: Киев усиливает давление на экономику России
Защитные дамбы в Забайкалье будут реконструированы к 2026 году
Балицкий: письмо Зеленского — «фальшивка» для отвлечения украинцев
Пентагон исключает поспешный вывод войск США из Германии
Теннисист Флавио Коболли выходит в финал Roland Garros 2026
Актёр Стивен Сигал назвал русский дух непобедимым

Теги