26.07.2026
В стране

Республикалық кадрлық резервке өткен Абай облысының 11 мұғаліміне сертификат табысталды

28.11.2024 14:02

Жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеуге және оқытуға бағытталған "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" жобасының екінші легі қорытындыланды.

Резервистермен кездесуде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім сапасын арттыру және педагог кадрлардың кәсібилігін арттыру мен даярлау жөніндегі басым бағыттарға тоқталды.

Іріктеу бес кезең бойынша өтті: кәсіби және басқарушылық құзыреттерді бағалау бойынша тестілеу, оқу, еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, қорытынды бағалау және республикалық комиссиядан әңгімелесуден өту. Үміткерлерді іріктеу және олардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды Педагогикалық шеберлік орталығы жүргізді.

Барлық бес кезеңінің қорытындысы бойынша елімізден 376 үміткер Республикалық кадр резервіне алынды. Оларға конкурссыз қызметке тағайындау туралы сертификаттар табыс етілді. Жаңа буынның менеджерлері кадр мәселесін шешуге өз үлесін қосады, сонымен қатар жаңа мектептерді, оның ішінде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептерді де басқарады деп күтілуде.

Өткен жылы кадрлық резервке Абай облысының 15 педагогі енді.

Сурет: Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі

Персонально

В Батуми микроавтобус с туристами попал в ДТП, двое белорусов погибли
Песков назвал энергетическим терроризмом удары Киева по инфраструктуре КТК
Три человека ранены при атаке БПЛА на многоквартирный дом в Белгороде
Врач Поляков предостерег людей с гастритом от употребления голубики
Ано Туртиайнен заявил, что Финляндия стала частью фашистского Запада
Выбран разработчик проекта мусороперерабатывающего комплекса в Тукаевском районе
Норматив продажи бензина на бирже могут понизить в пять раз
Иран пригрозил убивать военных США за каждого погибшего иранца
Раймонд Паулс прокомментировал запрет своих песен в Латвии
В Москве 4,5 тыс. преподавателей прошли переподготовку с экспертами

Теги