22.09.2024
Миллионнан астам қазақстандық небәрі 47 мың теңгеге күн көріп отыр
Здоровье

Миллионнан астам қазақстандық небәрі 47 мың теңгеге күн көріп отыр

12.09.2023 12:01

Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын тұрғындар саны өсуде, деп хабарлайды LS.

2023 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша,1 млн-нан астам қазақстандық ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысқа күн көреді, бұл ел бойынша орташа есеппен айына 47 884 теңге. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың саны 4,6%-ға өсті. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы жариялады.

Бұл ретте тұтынуға пайдаланылған кірістер айына орта есеппен жан басына шаққанда 88 439 теңгені құрады.

Осылайша, азық-түлік пен өзге де қажеттіліктерге жұмсалатын орташа шығын миллионнан астам қазақстандықтардың табысынан 84,7%-ға асып түсетіні байқалады.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болған тұрғындарының көпшілігі Түркістан облысында тұрады – 207,6 мың адам (-4,7%). Одан кейін Алматы – 98 мың адам (+9,6%), Шымкент – 76,8 мың адам (+11,3%), Жамбыл – 70,7 мың адам (+16,7%) және Жетісу облыстары – 53,9 мың адам (+10%).

Бұл ретте табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында – 25,6 мың адам (-23%), Атырау облысында – 20,3 мың (-7,6%) және Ұлытау облысында – 9,8 мың (+2,1 есе).

Ведомство сондай-ақ, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтар тұратын үй шаруашылықтарының мөлшері бойынша статистиканы ұсынды. 1 миллион кедей халықтың 854,4 мыңы бес және одан да көп адамнан тұратын отбасылар екені белгілі болды. Төрт адамнан тұратын отбасылар – 99,3 мың адам, үш адамнан – 46,6 мың, екі адамнан – 14,7 мың, ал бір адамнан – 1,4 мың адам.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін, LS редакциясы бай және кедей қазақстандықтардың тамақтануы қалай ерекшеленетіні туралы жазған болатын.

Новости

Министр обороны взял на особый контроль вопросы сохранения жизни и здоровья военнослужащих
Нарколаборатория выявлена и ликвидирована в Астане
Крушение батискафа “Титан”: последние минуты жизни экипажа раскрыты
Аль-Каида организовала теракт в аэропорту столицы Мали. Погибло 70 человек
"Подарил ему отцовскую любовь": Ерке рассказала, что RaiM купил автомобиль ее старшему сыну
"Кто-то за, а кто-то категорически против": введут ли в Казахстане закон против харассмента, ответили в МВД
Родителей оштрафовали за участие их детей в опасной игре в Астане
Замминистра внутренних дел спросили о восстановлении порядка на дорогах
В Казахстане задержано более 20 молодежных группировок
Астропрогноз с 19 по 25 сентября

Теги