22.09.2024
Қазақстан мен Қытай өз азаматтары туралы ақпаратпен алмасатын болады
Здоровье

Қазақстан мен Қытай өз азаматтары туралы ақпаратпен алмасатын болады

05.10.2023 16:04

Қазақстан мен Қытай екі ел азаматтары туралы ақпарат алмасатын болады.

Сенаттың жалпы отырысында осы мәселеге қатысты заң жобасы мақұлданды, деп хабаралайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Сенатор Қайрат Тастекеев заң жобасының түпкілікті мақсаты мен артықшылығы жайлы баяндады.

"Қытай Халық Республикасы – 1992 жылы дипломатиялық қатынастар орнағалы бері Қазақстанның стратегиялық серіктестерінің бірі. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми деректері бойынша, Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы 30 жылдан астам екіжақты ынтымақтастық барысында түрлі салада 250-ден астам халықаралық шарт жасалған. Жан-жақты қарым-қатынас көптеген бағытты, оның ішінде экономика, ғылым, туризм және басқаларын қамтып, жүйелі түрде дамуда. Бұл үрдіс екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына оң ықпалын тигізеді және Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы стратегиялық құжаттарына сәйкес келеді", — деді Қайрат Тастекеев.

Тастекеев ынтымақтастықты тиімді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында тиісті ақпарат алмасу бойынша шараларды қарастыратын келісім жасау қажеттігі пайда болғанын мәлімдеді.

"Ратификациялауға ұсынылып отырған Келісім Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының көші-қон және қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органдары арасындағы өзара қарым-қатынас жасау үшін құқықтық негіз жасайды. Атап айтқанда, тараптардың азаматтарына қатысты көші-қон саласында ақпарат алмасу жөніндегі тиісті тетікті жасауға және құқық бұзушылықтарды алдын алуға мүмкіндік береді", — деді сенатор.

Келісімді ратификациялау екі ел арасындағы құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті одан әрі дамытуға, сақтауға және екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.

Сенат депутаттары заң жобасын бірауыздан мақұлдады.

Новости

Министр обороны взял на особый контроль вопросы сохранения жизни и здоровья военнослужащих
Нарколаборатория выявлена и ликвидирована в Астане
Крушение батискафа “Титан”: последние минуты жизни экипажа раскрыты
Аль-Каида организовала теракт в аэропорту столицы Мали. Погибло 70 человек
"Подарил ему отцовскую любовь": Ерке рассказала, что RaiM купил автомобиль ее старшему сыну
"Кто-то за, а кто-то категорически против": введут ли в Казахстане закон против харассмента, ответили в МВД
Родителей оштрафовали за участие их детей в опасной игре в Астане
Замминистра внутренних дел спросили о восстановлении порядка на дорогах
В Казахстане задержано более 20 молодежных группировок
Астропрогноз с 19 по 25 сентября

Теги