22.09.2024
Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген қаржы қайда жұмсалатыны белгілі болды
Здоровье

Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген қаржы қайда жұмсалатыны белгілі болды

06.02.2024 16:07

Елімізде жемқорлардан тәркіленген ақшаға тағы 20 мектеп салынады. Былтыр 96 млрд теңгеге 62 жоба қаржыландырылған болатын.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 15 мыңға жуық оқушыға арналған 20 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын білім беру нысандарының тізімі ведомствоның сайтында жарияланған.

Оған мыналар кіреді:

  • апатты мектептерді ауыстыратын 2740 оқушыға арналған 5 мектеп құрылысы (екі ауысымда);
  • үш ауысымда оқытуды жою үшін 1200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
  • оқушы орынының тапшылығын жою үшін 8976 оқушыға арналған 11 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
  • тозығы жеткен мектепті ауыстыратын 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
  • екі мектепке қосымша корпустар салу (мәжіліс және спорт залдары, асханалар).

Шымкент қаласында, Жетісу және Қызылорда облыстарында үш мектептен, Жамбыл облысында төрт мектеп, Астана қаласы мен Алматы облысында екі мектептен, БҚО, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бір мектептен салынады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан 96 млрд теңгеге 76 738 оқушы орынына арналған 62 жоба қаржыландырылған болатын.

Новости

Министр обороны взял на особый контроль вопросы сохранения жизни и здоровья военнослужащих
Нарколаборатория выявлена и ликвидирована в Астане
Крушение батискафа “Титан”: последние минуты жизни экипажа раскрыты
Аль-Каида организовала теракт в аэропорту столицы Мали. Погибло 70 человек
"Подарил ему отцовскую любовь": Ерке рассказала, что RaiM купил автомобиль ее старшему сыну
"Кто-то за, а кто-то категорически против": введут ли в Казахстане закон против харассмента, ответили в МВД
Родителей оштрафовали за участие их детей в опасной игре в Астане
Замминистра внутренних дел спросили о восстановлении порядка на дорогах
В Казахстане задержано более 20 молодежных группировок
Астропрогноз с 19 по 25 сентября

Теги