13.02.2026
Персонально

"Енесінің аяғын сүйді": Той үстінде аяқ сүйген келіннің әрекеті қаншалықты дұрыс

08.11.2023 16:19

Әлеуметтік желіде той үстінде орын алған сәт көптің талқысына түсті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Әмина Смағұлованың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тойлардың бірінде ұзатылып жатқан немесе келіп жатқан келіннің анасының немесе енесінің аяғынан сүйген видео тарады.

"Мына видеода жас келін жығылып, сәукелесі қисайып құлап анасының, не енесінің бе аяғын сүйіп жатыр. Ананың аяғын сүю, күйеуінің аяғын жуу деген жабайылықты Төреғали, Жаһан, т.б милары уаххабизммен уланған әнші, актёрлер бастаған еді. Осыны жазуға үлгермей жүргем. Міне енді жастар да осыны қайталай бастапты. Қазақтың өз керемет салт-дәстүрлері бар емес пе, осындай нәрселер не керек?", деп жазды.

"Қыз баланың да намысы бар ғой. Оны күйеу жігіт ойлау керек. Әпкесі қарындасы сол күйеу жігіттің болса оларғада енесінің аяғын сүгізссе, елдің көзінше іштей оныңда жүрегі ауырады ғой. Солай алып отырған қалыңдықтыңда намысы бар", "Келінде кінә жоқ. Күйеуі тоқтатса ұят. Бұл жерде енесі тиым салуы керек еді. Болмаса, тойда отырған қонақтардың біреуі "ау, бұларың не, қойыңдар" дей алмай отырғаны қынжылтады. Ал, тамаданың білігі жоқ, құдай сүйер қылығы жоқ біреу ғой", деп аяқ сүйген келін деп топшылады оқырмандар.

"Ата-аналарын, өздерін ұятқа қалдырып жатқанын түсінбей ме екен? Не деген "показуха"?! Сүйсін, күнде үйінде сүйсін. Бұл не сонда ? Білімсіздік пе? Нақұрыстық па?", "Анандиді көріп алған қазақтар-ай", деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, той қай жақта болғаны белгісіз. Жоғарыда айтылған деректер тек көпшіліктің топшылауы. Ұзытылған қыз ба, табалдырық аттап келін түсіп жатқан той ма нақты дерек айтылмаған!

https://www.facebook.com/100055036524779/videos/735382605069851/?mibextid=Nif5oz

Персонально

В Новосибирске арестовали троих членов ОПГ, обокравших россиян на 210 миллионов
Daily Mail: у телеведущей Фионы Филлипс с Альцгеймером ухудшилась память
Экс-генсек НАТО призвал автозаводы Европы вновь производить оружие
Гастроэнтеролог Кашух объяснила, сколько блинов безопасно съесть
В МВД рассказали, кто из татарстанцев чаще всего попадаются на уловки кибермошенников
Греф призвал платить госслужащим столько, чтобы не жить как нищие
Разногласия вокруг подхода к России раскололи Европу
Вэнс заявил, что США стремятся к ядерной сделке с Ираном, а не к перевороту
Трамп не договорился с Нетаньяху по действиям в отношении Ирана
Татарстан теряет миллионные инвестиции из-за бюрократии

Теги