31.03.2026
Персонально

Түркияға саяхаттамақ болған елорда тұрғыны алаяққа алданып қалған

20.12.2023 16:17

Отбасымен Түркияға саяхаттамақ болған елорда тұрғыны алаяқтың арбауына түскен.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласы Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасаған 44 жастағы елорда тұрғынын анықтаған.

Тергеу барысында қаскүнемнің Түркияға отбасымен демалуға жолдама беремін деген сылтаумен қомақты ақша иемденгені анықталған. Елорда тұрғынынан 2,8 млн теңгеден астам қаражатты толық көлемде алып, ұмытылмас демалыс ұйымдастыруға уәде берген алаяқ өтініш білдірген клиентті демалыссыз қалдырған. Алданған азамат амалы қалмаған соң, тәртіп сақшыларына арызданған.

Анықталған азаматшаның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болған. Ол бұрын туристік компанияда қызмет атқарған. Клиенттермен қалай сөйлесу керектігін жақсы меңгеріп, демалыс орындары туралы толық мағлұмат бере алған. Осылайша аңғал адамдарды арбауына түсірген. Тәртіп сақшылары оның тағы бір алаяқтық фактісіне қатысы бар екенін анықтаған.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, қазіргі уақытта аталған фактіге байланысты ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Персонально

Мирный план от Пекина и Исламабада: 5 шагов для остановки войны в Персидском заливе
При тушении возгорания на нефтезаводе в Нижнекамске погиб пожарный
Минстрой ЛНР завершит благоустройство 41 зоны в 25 городах к 2026
Автор законопроекта о запрете обвинительной информации в СМИ отозвал документ
Слуцкий выбрал «Зенит» фаворитом РПЛ из-за лояльного судейства
Путин выразил благодарность трудовому коллективу и руководству КАМАЗа
Число погибших при взрыве в Нижнекамске увеличилось до двух
Более 150 огнеборцев ликвидируют пожар в промзоне Нижнекамска
WOW!HR проведёт конференцию по управлению кадрами в Москве
Бәхеткә 55 ел: гаилә учагын саклаучылар хөрмәтләнде

Теги