14.01.2026
О чем говорят

Семей көшелерін жаңа техника тазартады

12.05.2025 13:11

Бұл туралы облыс әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде мердігер ұйымдармен бірлесіп 60-қа жуық жаңа арнайы техника сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда 10 жаңа техника жеткізіліп, іске қосылды. Бұл өз кезегінде 100-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Арнайы техникалар қыста қар күреп, көктем-күз айларында жолдарды жуып-тазалауға, көшелерді сыпыруға, құм себуге арналған. Ал жаңа техникалар қаланың орталық көшелерінен бастап, барлық шағын аудандар мен тұрғын үй кешендерін тазалауға жұмылдырылатын болады. Облыс әкімі қаланың тазалығы үнемі назарда болатынын атап өтті.

"Қала тазалығына байланысты тұрғындар тарапынан аз шағым айтылмайды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жандандырдық. Алдағы уақытта облыс орталығында арнайы техникалардың санын көбейтеміз. Қала келбетін жақсарту, тазалықты сақтау күнделікті және жүйелі жұмысты қажет етеді", – деді аймақ басшысы.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

События

Касым-Жомарт Токаев поздравил короля Таиланда
Депутаты предложили создать межведомственную комиссию для защиты работников на Тенгизе
Частного судоисполнителя осудили за присвоение более 370 млн тенге в Алматы
Pantone объявил цвет 2026 года
Новые школы и пристройки: 86 тысяч мест за счёт изъятых у коррупционеров денег
Фельдшер погибла в ДТП: министр здравоохранения РК выразила соболезнования
Halyk признан лучшим банком Казахстана по версии издания The Banker
Жилпомощь: как малообеспеченные семьи получают компенсацию по коммунальным платежам?
На самокатах могут появиться госномера – Мажилис одобрил поправки
Сила - в инновациях, сердце - в обслуживании: Нурбанк обозначил стратегические направления своей деятельности

Теги