18.08.2026
События

Әйгілі актер Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметін құттықтады

25.12.2023 16:08

«Оскар» сыйлығының иегері Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметін ақбөкендер санын көбейтудегі және сақтаудағы жетістігімен құттықтады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Америкалық актёрдің айтуынша, Қазақстандағы күш-жігердің арқасында киіктердің бұл түрі Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл тізімінде «аса сирек кездесетін», «жоғалу қаупі төніп тұрған» санаттан «жойылу қаупі бар» санатқа ауыстырылды.

«Кең ауқымды қалпына келтіру жұмыстары Қазақстандағы ақбөкен популяциясының керемет сақталып қалғанын көрсетеді. 2005 жылдары небәрі 48 000 басты құраған киік түрінің қазір табиғаттағы саны 1,9 миллионнан асыпты. Браконьерлікке қарсы бастамалары, құқық қорғау органдарын жұмылдырғаны және жаңа қорғалатын табиғи аумақтарды құруға қомақты қаржы бөлгені үшін Қазақстан үкіметін құттықтаймыз. Үкіметтің табиғатты қорғау ұйымдарымен, университеттермен және ғалымдармен ынтымақтастығы – табиғатты қорғау саласындағы бірлескен күш-жігер арқылы қол жеткізілген шынайы табыстың жарқын мысалы», — деп жазды Ди Каприо желідегі парақшасында.

События

Количество угонов в России за полгода упало на 20%
Сын Евгения Плющенко выступит за Азербайджан на юниорском Гран-при ISU
"Жирона" возбудила дело: Цыганков отказался выйти на замену
ВСУ обвинили в целенаправленной охоте на сотрудников Запорожской АЭС
Детские травмы оказались причиной хронической прокрастинации
В Челябинске открыли новый футбольно-легкоатлетического манеж
Суд вынес приговор братьям Ананьевым по делу о хищении 39 млрд рублей
У военных в Испании выявили чесотку после наплыва мигрантов
Названы три тревожных сигнала серьезных проблем с почками
Глава Петропавловска-Камчатского Андрей Воровский: Подвиг участников Курильского десанта — живой пример для современных защитников Родины

Теги